05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №357

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 17 қараша , Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 9 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1, 29-1-баптарына және 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9211 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 4 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтын көшірмесін бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, баспасөз басылымдарына және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК жолдауды; 2) бұйрықтың күші жойылды деп тану және нормативтік құқықтық актілер тізбесінен алып тастау туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурстарында орналастыруды; 3) осы бұйрықтың қол қойылған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А.МҰХАМЕДИҰЛЫ «Келісілді» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы _____________ Қ.П. Қожамжаров 2015 жыл 23 қараша